Қазақстандық әскери қызметшілер «Дала қыраны-2016» оқу-жаттығуында үздік атанды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 21.04.2016 16:03 Zakon.kz
Қазақстандық «Қазбат» бітімгершілік батальонының 250-дей әскери қызметшісі аттанады. Жеке құрам мен қару-жарақты жөнелту үшін ҚР Қарулы Күштерінің әскери-көліктік авиациясы тартылатын болады.

«Іле» оқу-жаттығу полигонының базасында «Дала қыраны-2016» тактикалық-арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуының алғашқы кезеңі шеңберінде армрестлинг, арқан тарту, волейбол және 4х400 метрлік эстафета бойынша спорттық іс-шаралар өтті. Бұл туралы zakon.kz, ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Спорттық жарысқа Қазақстан, Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбритания Қарулы Күштерінің 78-ден аса өкілі қатысты.

«Оқу-жаттығу кезінде қазақстандық әскери қызметшілер атқарып отырған жұмысында қаншалықты кәсіби екенін көрдім. Далалық жағдайларда оқу-жаттығуға қатысушылар арасында ешқандай айырмашылық байқалған емес, тілдік ерекшеліктерімізге қарамастан, барлығымыз бір команда сияқты жұмыс жасадық», - деп АҚШ ҚК-нің әскери қызметшісі Дэвид Далтон атап өтті.

ҚР Қорғаныс министрлігінің Спорт комитетімен ұйымдастырылған спорттық сайыстардың қорытындысы бойынша Қазақстанның әскери қызметшілері үздік атанды, ІІ орынды Ұлыбританияның әскерилері, ІІІ орынды Америка Құрама Штаттары иеленді.

«Мен Қазақстанда бірінші рет болып тұрмын және елдеріңіздің Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерімен алғаш рет өзара әрекет жасап жатырмын. Мен қазақстандық әріптестерімнің дене даярлығына таң қалып отырмын. Олар дода барысында бізден асып түсті және жалпы командалық есепте еңбектеріне лайықты бірінші орынды қанжығалады», - деді Ұлыбритания әуе әскерлерінің бірінші батальон сержанты Уилльям Томас.

Қазақстанда «Дала қыраны-2016» тактикалық-арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуының алғашқы кезеңі өтіп жатқанын айта кетейік. Іс-шараға Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбритания Қарулы Күштерінің 60-тан аса өкілі қатысады. «Дала қыраны-2016» бітімгершілік оқу-жаттығуының екінші кезеңін Ұлыбританияның аумағында өткізу жоспарлануда. Онда қазақстандық «Қазбат» бітімгершілік батальонының 250-дей әскери қызметшісі аттанады. Жеке құрам мен қару-жарақты жөнелту үшін ҚР Қарулы Күштерінің әскери-көліктік авиациясы тартылатын болады.

Фото: www.mod.gov.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: