Саяжайда қоқыс өртеген павлодарлыққа 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 21.04.2016 17:48 Zakon.kz
«Металлург» бағбаншылығында орналасқан 20 саяжайдың 10-ы ғана пайдаланылады, ал қалғаны жұмыс істемейді.

Павлодарда «Металлург» бағбаншылығында Майская көшесі, 56 мекенжайы бойында бес гектар аумақты қызыл жалын шарпыды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хатшысы Маусипа Ержанның айтуынша, кеше шамамен сағат 15.30-да саяжай учаскелерінің тұрғындарынан өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. - Оқиға орнына алты техника мен жеке құрамнан 22 адам жұмылдырылды. Қоқысты өртеу салдарынан кеуіп қалған құрғақ шөп пен ағаш қоршаулар тұтанған. Тергеу барысында абайсызда өрттің шығуына кінәлі екені анықталған 35 жастағы ер адам ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 401-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады, - деді М. Ержан.

Айта кетерлігі, «Металлург» бағбаншылығында орналасқан 20 саяжайдың 10-ы ғана пайдаланылады, ал қалғаны жұмыс істемейді.

Ақбота Сейсенбаева

Фото:pavlodarnews.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: