Алматыда құбырдың жарылуынан келген шығын есептеліп жатыр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 21.04.2016 21:52 Zakon.kz
Құбырдағы судың температурасы 60 градус болған.

Алматыда құбыр жарылып, ыстық судың буынан жол көрінбей қалды. Атап айтқанда, Абылай хан және Әйтеке би көшелерінің қиылысындағы құбыр жарылып, жолдың бетон қабаты тас-талқан болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматы жылу желілері» МКК ресми өкілі Ян Гириннің айтуынша, диаметрі 800 мм болатын құбыр 28 жыл бойы ауыстырылмаған. Бұл жылыту маусымынан кейінгі гидравликалық сынақ барысында анықталды.

Құбырдағы судың температурасы 60 градус болған.

Ыстық су жертөлеге толып қалған. Қазір келтірілген шығын есептеліп жатыр. Шығынның бәрі сақтандыру компаниясының есебінен төленеді.

Ян Гириннің айтуынша, Алматыдағы жылу құбырларының 65%-ы 25 жылдан бері ауыстырылмаған.

Былтыр 20 шақырым құбыр жөнделді. Биыл 4 шақырым құбыр жөнделеді.

Гүлмира Ғосманәли

Фото:inform.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: