Алматыда құбырдың неден жарылғаны анықталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 22.04.2016 18:47 Zakon.kz
Бүгінде "Алматы жылу холдингі" орнатып жатқан жаңа құбырлар 40 жылға шыдауы тиіс.

Алматыда ескі су құбырының жарылуы тағы әбігерге салды. Әйтеке би - Абылайхан көшелерінің қиылысында ыстық су атқылап, жақын маңдағы аялдаманы су басты. Құбыр шамамен сағат 12.15-те жарылған, күтпеген жерден атқылаған ыстық су көлік қозғалысына да қиындық туғызды, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Кешкісін құбырдан аққан су тоқтатылды. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ. "Алматы жылу жүйесі" таратқан мәлімет бойынша, құбыр тозығы жеткендіктен жарылған.

"Бұл магистраль 1988 жылы орнатылған болатын. Негізінде мұндай құбырлар 25 жылға есептелген. Бүгінде "Алматы жылу холдингі" орнатып жатқан жаңа құбырлар 40 жылға шыдауы тиіс",- деді «Алматы жылу жүйесі» МКК ресми өкілі Ян Гирин.

"Алғашында бұл жерде су тасқыны болып жатыр деп ойлап қалдым. Далаға шыққан кезде құбырдың жарылғанын байқадым, жұрт көліктерін асығыс алып жатты",- деді оқиға куәгері Нұржан Молдабеков.

Фото:www.almaty.tv

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: