Ақсу ауылдық аймағының тұрғыны ауылдасының жылқыларын пышақпен жарақаттаған

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 25.04.2016 16:52 Zakon.kz
Бұл күні екі азамат сөзге келіп қалып, жылқылардың қожайыны балағат сөздер жаудырған. Бұдан кейін олар екеуі де үйлеріне кетіп қалған.

Ақсу қаласының Парамоновка ауылының тұрғыны ауылдасына тиесілі жылқыларды пышақпен жарақаттаған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, күдікті өзінің бұл әрекетке жерлесіне деген жақтырмау сезімінен барғанын айтып түсіндірген.

- Бұл күні екі азамат сөзге келіп қалып, жылқылардың қожайыны балағат сөздер жаудырған. Бұдан кейін олар екеуі де үйлеріне кетіп қалған. Алайда біраз уақыт өткен соң, спирттік ішімдік тұтынған күдікті жерлесінен кек қайтаруды ойластырған. Нәтижесінде оның ауласына келіп, үш жылқыға пышақпен жарақат салған. Қазіргі таңда ауыл тұрғынына қатысты ҚР ҚК-нің 202-бабы – «бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бабы бойынша тергеу жүргізілуде, - деп жазылған хабарламада.

Фото:rimmammir.wix.com

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: