ҚР-да атаулы мемлекеттік қолдау көрсетудің жаңа тәсілдерін енгізу жалғасады – Т.Дүйсенова

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 22.04.2016 21:24 Zakon.kz
Денсаулық сақтау саласының көрсеткіші жыл сайын жасқсаруда: ана өлім-жітімі 3,7 есеге, бала өлімі 1,5 есеге қысқарды.

Елімізде аз қамтылған отбасыларға атаулы мемлекеттік қолдау көрсетудің жаңа тәсілдерін енгізу бойынша жұмыс жалғасуда, деп мәлімдеді бүгін Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясын іске асырудың алдын ала қорытындыларына арналған халықаралық конференцияда ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

«Қазіргі таңда аз қамтылған отбасыларға атаулы мемлекеттік қолдау көрсетуде жаңа тәсілдерді енгізу жалғасуда. Бұл аз қамтылған отбасыларды жаңа әлеуметтік көмек алуда ынталандыруға көмек көрсетеді», - деді Т.Дүйсенова.

Министр айтып өткендей, қабылданған кешендік шаралар еліміздің демографиялық жағдайына әсер етті.

«2006 жылы 300 мыңнан астам сәби дүниеге келді, 2016 жылдың 1 қаңтар жағдайында олардың саны 399 мың. Сонымен қатар, әйелдердің зейнетақы жинақтарын арттыру мақсатында, зейнетақыны барабар деңгейге жеткізу үшін 2014 жылдан бастап жұмыс істейтін әйелдер үшін міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау енгізілді. 2015 жылы 100 мыңнан астам әйелдердің жеке зейнетақы есепшоттарына шамамен 4 млрд теңге түсті», - деді ол.

Сонымен қатар, Т.Дүйсенованың айтуынша, әйелдер мен еркектердің денсаулығын сақтау мақсатындағы шараларды іске асыру әлі де жалғасын табуда.

«Денсаулық сақтау саласының көрсеткіші жыл сайын жасқсаруда: ана өлім-жітімі 3,7 есеге, бала өлімі 1,5 есеге қысқарды. Әйелдер мен балаларға қатысты зорлықтың алдын алу күшейтілуде. Қолданылған шаралар қорытындысы бойынша азаматтардың өмір сүруі 66,15-ден 71,62 жылға ұзарды», - деп мәлімдеді министр.

Фото:primeminister.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: