Ақсулық жастар қараусыз қалған жауынгерлер мазарында сенбілік ұйымдастырды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 25.04.2016 16:22 Zakon.kz
Патриоттық сенбілікке 70-ке жуық адам қатысты. Қала тұрғындарының айтуынша, бұл бейіт 70-жылдардың ортасынан жабық.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығына орай Ақсу энергетиктері «Жауынгерлік қорым» атты акция өткізді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Жеңіс күні қарсаңында Еуразиялық Топ құрамына кіретін «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ Ақсу электр станциясының жастар кеңесі қараусыз қалған мазарда сенбілік ұйымдастырды. «Жауынгерлік қорым» атты дәстүрлі акция аясында жастар ескі зиратты тазартып, қалпына келтірді.

Патриоттық сенбілікке 70-ке жуық адам қатысты. Қала тұрғындарының айтуынша, бұл бейіт 70-жылдардың ортасынан жабық. Мұнда жерленген адамдардың туыстары қаладан кетіп қалған немесе бұл жерді тазалауға шамасы жетпейтін егде жасқа келген зейнеткерлер. Сол себепті қараусыз қалған молалар тұрмыстық қоқыспен ластанған. Алайда, бұл жерде Отанды қорғаған жауынгерлердің жерленгені белгілі.

– Жеңіс күні әрбір қазақстандық үшін ерекше мереке. Біз ардагерлерді, соғыс қаһармандары мен тыл еңбеккерлерінің ерлігін мақтан тұтамыз. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігі өлшеусіз. Бүгін қолға алған бастамамыз – оларға деген шексіз құрметіміздің бір белгісі, – деді «ЕЭК» АҚ жастар кеңесінің мүшесі Антон Ибраев.

Энергетиктер ҰОС-ның ардагерлеріне әрдайым көмектесіп тұрады. Жастар қазыналы қарттардың үй шаруашылығына жәрдемдесіп, мейрамдарымен құттықтайды. Бейітті тазартып, қалпына келтіруге Ақсу қаласындағы Ж.Мұса атындағы колледждің студенттері, жастар бастамаларын дамыту орталығы мен «Жасыл ел» еңбек жасағының белсенділері де үлес қосты. Сонымен қатар, «Әлеует» қалалық қоғамдық қоры демеушілік ретінде жастарды бояумен қамтамасыз етті. «Жауынгерлік қорым» атты шараны жас энергетиктер биыл осымен бесінші жыл қатарынан ұйымдастырып отыр.

Фото: pavlodarnews.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: