ҰҚШҰ қатысушы елдері әскери қызметшілерінің тапсырмаларды бірлесіп орындау ептілігі сыналды

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 25.04.2016 22:18 Фото: zakon.kz
Оқу-жаттығуға ҚР ҚК-нің 30-дан аса әскери қызметшісі қатысты. Барлығы ҰҚШҰ қатысушы елдері Қарулы Күштерінің 1 500-ге жуық әскери қызметшісі.

Тәжікстанда ҰҚШҰ қатысушы елдері Қарулы Күштері барлау бөлімшелерінің «Іздестіру-2016» бірлескен оқу-жаттығуы аяқталды. Оқу-жаттығу Тәжікстан Республикасы Қарулы Күштерінің «Магоб» оқу-жаттығу орталығының полигонында және Ресей Федерациясы Қарулы Күштері 201-ші әскери базасының «Ляур» полигонында өтті. Бұл туралы zakon.kz, ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

«Іздестіру-2016» оқу-жаттығуының негізгі мақсаты лаңкестік топтамалардың жандануы ықтимал Орта-Азиялық өңірде әскери қызметшілердің тапсырмаларды бірлесе орындау қабілеттілігін тексеру болды.

«Аталмыш оқу-жаттығуда қазақстандық топқа содырлардың базаларын қырып-жою, олардың көшбасшысын тұтқындау және әрі қарай тергеуге алу үшін аумақтан көшіру жүктелді. Оқиға болған жағдайда мемлекеттеріміз бір-біріне қолұшын созуға дайын. Алайда, бұл жағдайдағы ең негізгісі – ол көршілес мемлекеттердің бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимыл», - деді ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінің әскери қызметшісі капитан Мәрғұлан Әбдірәсілов.

«Мұндай оқу-жаттығу алғаш рет өткізіліп отырғанын айта кеткен жөн. ҰҚШҰ-ның қатысушы елдері үшін «Іздестіру» секілді оқу-жаттығудың өткізілуі әскери тарихымыздағы маңызды, үлкен белес. Мұндай оқу-жаттығудың жоспарланып, өткізілуі өте дұрыс қадам болды. Және мұндай оқу-жаттығу әр жыл сайын өткізілмесе де, бір жылдан кейін нақты өткізілуі туралы сәттер сөзге тиек етілді», - деді Беларусь Республикасы ҚК барлау басқармасының офицері полковник Олег Тупик.

Қазақстандық арнайы мақсаттағы жауынгерлермен заңсыз қарулы құралымдарды іздестіру және жою жөнінде іс-қимылдар пысықталды. Әзірлеме бойынша десант содырлардың лагері мен штабтың ғимараты орналасқан жерге түсірілді, қарақшылардың басшысы ұсталды. Одан басқа, барлау бөлімшелері тауға шегінген жекеленген топтар бойынша атыс соққысына арналған координаталарды белгіледі.

Оқу-жаттығуға ҚР ҚК-нің 30-дан аса әскери қызметшісі қатысты. Барлығы ҰҚШҰ қатысушы елдері Қарулы Күштерінің 1 500-ге жуық әскери қызметшісі. Сондай-ақ армиялық, жедел-тактикалық және әскери-көліктік авиация бөлімшелері қатысты.

Фото: www.mod.gov.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: