Бүгін ақын Күләш Ахметова 70 жасқа толды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 25.04.2016 23:06 Zakon.kz
Күләш Ахметованың туындылары көп тілдерге аударылды. Нәзік лиризм мен жарқын метафораға толы оның поэзиясында қазақ даласындағы Сөз бен Өлеңнің ұлы рөлі туралы ойлары қазақтың ертегі-аңыздарымен ұштасады.

Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев ақын Күләш Ахметованы 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы zakon.kz, Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Қарапайым жұмысшы мен үй шаруасындағы әйелдің отбасында дүниеге келген ақын тек Қазақстанда емес, одан тыс жерлерге де танымал. Күләш Ахметованың туындылары көптеген тілдерге аударылды. Нәзік лиризм мен жарқын метафораға толы оның поэзиясында қазақ даласындағы Сөз бен Өлеңнің ұлы рөлі туралы ойлары қазақтың ертегі-аңыздарымен ұштасып отырады.

Күләш Ахметова 1946 жылы 25 сәуірде дүниеге келген. Жамбыл облысының Талас ауданындағы Үшарал орта мектебін бітірген. 1961 жылы Жамбыл медициналық училищесін, 1973 жылы ҚазМҰУ-ді тамамдаған. Үшарал медпунктінде меңгеруші, Талас аудандық «Ленин жолы», 1973-1977 жылдары республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1977-1980 жылдары «Жалын» баспасының поэзия бөлімінде редактор болды.

«Сен менің бақытымсың» атты кітабы үшін ақын Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты атанды. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы. Өлеңдері орыс, украин және түркі халықтарының тілдеріне аударылған, мектеп оқулықтарына енген. Тәуелсіздіктің он жылдығына, Астананың он жылдығына арналған республикалық жазба ақындар мүшәйрасының Бас жүлдегері. Бірнеше медальдармен марапатталған.


Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: