ВИЧ-ке шалдыққан аналар дені сау сәбилерді дүниеге әкелуде

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 28.04.2016 19:21 Zakon.kz
Соңғы 2 жылда біздегі жүкті әйелдерден туылған балаларда ондай инфекция тіркелген жоқ.

Оңтүстікте ВИЧ дертіне шалдыққан аналар дені сау балаларды дүниеге әкеліп жатыр. Өңірде соңғы 2 жылдың ішінде қатерлі індетпен диспансерлік есепте тұрған жүкті әйелдердің дені ешқандай ақаусыз нәрестелерін босанған дейді Спид орталығының мамандары. Бұл туралы otyrar.kz жазды.

Мәселен, 2015 жылы аяғы ауыр 46 келіншектен туылған сәбилерден қауіпті инфекция анықталмапты. Дегенмен, дәрігерлер балаларды 1 жасқа дейін бақылауда ұстайды. Бұл үшін нәрестелер әр екі-үш ай сайын медициналық тексеруден өтіп тұрады.

Жанат Сапарова, бөлім меңгерушісі:

Соңғы 2 жылда біздегі жүкті әйелдерден туылған балаларда ондай инфекция тіркелген жоқ. Сәбилерді арнайы есептен шығарып жатырмыз. Ондай жағдай тіркелмеді. Себебі, жүкті аналар дер кезінде вирусқа қарсы дәрілерді қабылдаса, біздің нұсқауларды орындаса, инфекцияның құрсақтағы балаларға берілуін 98 пайызға дейін азайтуға болады.

Фото:news.caravan.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: