Теміржол қателікті кешірмейді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 29.04.2016 18:34 Zakon.kz
Бұған дейін вагондарға тасада тұрып тас лақтыратын бұзақылардың басым болып кеткенін айтып дабыл қаққан еді.

Оңтүстікте жыл басынан бері 2 адам теміржол маңында жазатайым болып, жан тәсілім еткен. Оған қоса тағы ондаған тәртіп бұзушылық тіркеліпті. Осыған байланысты жол жүру ережесін жұртшылыққа түсіндіру үшін желілік полиция мен көлік прокуратурасының өкілдері арнайы акция бастады, деп хабарлайды otyrar.kz.

Жол — қателікті кешірмейді. Биыл жыл басында өрімдей қыз шойын жол маңында пойыздың астына түсіп, көз жұмған болатын. Марқұм құлаққаптың кесірінен алып көліктің дабыл белгісін де естімеген. Бұдан соң тағы бір жазатайым жағдай тіркелген еді. Мамандар мұның бәрі қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың салдары дейді. Сондықтан Шымкент станциясында жол жүрген жұртшылыққа түсіндіру жұмыстарын қолға алды.

Желілік полиция қызметінің өкілдері шойын жолдағы тәртіпсіздіктермен де күресіп келеді. Дегенмен, әзірге түбегейлі нәтиже шығара қоймапты. Бұған дейін вагондарға тасада тұрып тас лақтыратын бұзақылардың басым болып кеткенін айтып дабыл қаққан еді. Одан соң билетсіз жолға шығып, пойыз құрамасын сауда-саттықтың көзіне айналдырғандар да әшкереленді. Осының бәрі теміржолда жүру тәртібін ескермеуден туындайтын олқылықтар деп отыр акцияны ұйымдастырушылар.

Мамандар бұл акцияны әлі біраз уақытқа дейін өткізуді жоспарлап отыр. Өйткені жол жүруші жұрт арасында қатаң тәртіп сақтауды талайлар ескере бермейді. Ал оның салдары сан соқтыратын қайғылы жағдайға әкеп соқтыруы әбден мүмкін.

Мақсат Жақсыбаев

Фото:otyrar.kz.

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: