Екі адамды өрттен құтқарған кеденшілер марапатталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 04.05.2016 17:35 Zakon.kz
Бұл оқиға 25 қаңтар күні болған. Ержан Белесов пен Ғани Ағабеков екеуі жұмыстан үйге қайтып бара жатқанда жанып жатқан көлікті көреді. Нексияның ішінде екі адам бар екен.

Екі адамды өрттен құтқарып қалған шымкенттік кеденшілер марапатқа ие болды. Батылдық көрсеткен азаматтарға облыстық төтенше жағдай департаментінің мамандары медаль табыстады, деп жазады otyrar.kz.

Ал Ержан Белесов пен Ғани Ағабеков өздерін қаһарман санамайды. Жай ғана азаматтық борышымызды орындадық дейді.

Еске салайық, бұл оқиға 25 қаңтар күні болған. Ержан Белесов пен Ғани Ағабеков екеуі жұмыстан үйге қайтып бара жатқанда жанып жатқан көлікті көреді. Нексияның ішінде екі адам бар екен. Ал есік құлыптанып қалған.

Сол маңға жиналып қалған адамдардың ешқайсысы өртеніп жатқан көлікке жақындай алмай тұр. Өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем көлігін күтуде. Мұны байқаған Ержан қолымен көліктің алдыңғы терезесін ұрып сындырады да Ғани екеуі іштегі адамдарды сыртқа алып шыға бастайды. Осы кезде дәрігерлер тобы да келіп жетеді.

Аман қалған көліктегілер ауруханада ұзақ емделді. Ал оларды құтқарған кеденшілер науқастардың жағдайын сұрап, палатаға келіп тұрды. Енді олар 25 қаңтарды өздерінің екінші туған күні санайды. Ал Мұхаммед Мүбараков пен Ержан Белесовтар отбасымен араласып тұрады.

Фото:otyrar.kz.

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: