Соңғы 6 жылда мемлекеттік қолдауға 2 мыңнан астам қазақстандық кәсіпорын ие болды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 06.05.2016 21:23 Zakon.kz
Соңғы 6 жылда мемлекеттік қолдау құралдарын 2 мыңнан астам қазақстандық өнеркәсіптік кәсіпорын пайдаланды – Ә.Исекешев

Соңғы 6 жылда мемлекеттік қолдау құралдарын 2 мыңнан астам отандық өнеркәсіптік кәсіпорын қолданды, 500-ге жуық жұмыс орны құралды, деп мәлімдеді ҚР инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев «Қазақстанда жасалған» отандық көрмесінің ашылуы салтанатында. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

«Ел экономикасын дамыту үшін отандық өнім өте маңызды. Бұл туралы Елбасы үнемі айтады. Біз үшін ең маңыздысы отандық кәсіпорын мен өнім өндіру тауарын қарастыру керек. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру аясында осы бағыттарға баса мән беріледі», - деді Ә.Исекешев.

Ол атап өткендей, шағын және орта бизнес үшін мемлекеттік бағдарламалар қарастырылған. Ол бағдарламалар отандық өндірушілерді қолдап, жұмыстың сапалы атқарылуын қарастырады.

«Соңғы 6 жылда мемлекеттік қолдауға 2 мың өнеркәсіптік кәсіпорын ие болды. 500 мың жұмыс орны ашыды. Бұл экономикалық жағдайдағы өте жақсы нәтиже», - деп баса айтты ведомство басшысы.

Оның айтуынша, «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық бағдарламасын жүзеге асыру үшін отандық көліктік машина жасау өніміне сұраныс өсе бастайды. Жол жөндеу кезінде қолданған материалдардың 95 пайызы отандық өнім болып табылады.

«Биыл «Сандық Қазақстан» жаңа бағдарламасы қабылданады. Ең бастысы - бұл біздің ІТ-компаниялар үшін үлкен мүмкіндіктер. Мемлекет өз күшімен өнім жасаудан бас тартады, тек жеке компаниялар ғана тартылады. Бұл сандық технологиялар саласындағы жергілікті қамтуды дамыту үшін жақсы мүмкіндік», - деді министр.

Көрме жайлы айтқан ол «Қазақстанда жасалған» маркалы тауарлардың жыл сайын көптеп пайда болып жатқанын айтты.

Осыған қатысты Ә.Исекешев қазақстандықтарды отандық өндіріс тауарларын алуға шақырды.

Фото:bnews.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: