Оралда жолаушылар автобусы жол жиегіндегі бағаналарды құлатты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 12.05.2016 23:00 Zakon.kz
Жыл басынан бері осы тектес 10 жағдай тіркелген.

Оралда жолаушылар автобусы екі темір-бетон бағанасын құлатты, деп хабарлайды BNews.kz.

Оқыс оқиға кезінде салонда адам болмаған. Әкімшілік полиция басқармасынан мәлімдегендей, Ружейников көшесінде кетіп бара жатқан екінші бағдардағы жолаушылар автобусы қос бағананы қиратқан. Қатты соққыдан жарық бағаналарының бірі гемодиализ орталығының қақпасына құлады.

«Көлік өз бағытымен жүріп бара жатқан. Кенеттен көп қабатты үйдің ауласынан нөмірі жоқ автокөлік шыға келген. Соқтығысып қалмас үшін бұрылмақ болғанда автобус жол шетіндегі екі бағананы құлатты», - дейді «ОралТехСервис» ЖШС директоры Александр Баклан.

«Жайық Жарығы» ЖШС көлік кәсіпорны келтірген шығынды өтеуі тиіс екенін мәлімдеді.

«Шығын 150 мың теңгеден асады. Жұмысшыларымыз бағаналарды қайтадан орнына қойды. Жыл басынан бері осы тектес 10 жағдай тіркелген»,- дейді «Жайық Жарығы» ЖШС директоры Нұр Төлеуғалиев.

Фото:tvoya-gazeta.com

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: