Петропавл полицейлері өзенге құлаған қызды құтқарды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 13.05.2016 15:26 Zakon.kz
Бұл туралы өңір ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

24 жастағы Петропавл тұрғынының полицейлерге айтар алғысы шексіз. Өткен демалыс күндері ол Есілдің жағасында биіктігі 25 метрдей жардан құлап, өздігінен шыға алмаған. Бұл туралы «Қазақстан» ҰТА, өңір ІІД баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Абырой болғанда, құлап бара жатқан қыз 20 метрдей төмендегі бұтақтан ұстап үлгерген бұл оны ажалдан сақтап қалды. Қаншама айқайлап көмекке шақырғанымен ешкім естімеген. Ал, сөмкесі құлап кеткен. Бағына орай ұялы телефоны қалтасында болған. Ол «102-ге» қоңырау шалып көмек сұраған.

Хабарламаны естіген Жедел басқару орталығының қызметкерлері жол-патрульдік полицейлер нарядын шұғыл түрде аттандырған.

Оқиға орнына жеткен жергілікті полиция қызметкерлері салған бетте құлаған қызды таба алмаған. Су жағасында жатқан сөмкені көрген полиция сержанты Юлий Данильченко сақтықпен жарқабақтан түсіп жатқанда бұтаққа жармасып тұрған қызды көреді. Ол жалғыз өзінің шығарып ала алмайтындығын білген соң ТЖ-ға хабар берген. Өзі де қарап тұрмай төменге түсіп, сөмкені алып оның бауының көмегімен жоғары тарта бастайды. Бұтақтан мықтап ұстаған күйі сержант жапа шеккен жанды осылайша жоғарыға аман-есен шығарды.

Фото:kaztv.kaztrk.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: