Шардарада есірткі сатушы қолға түсті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 13.05.2016 23:47 Zakon.kz
Күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оңтүстік Қазақстан облысында полицейлер 50 жастағы есірткі сатушыны ұстады. Шардара аудандық ішкі істер бөліміне жергілікті тұрғын белгісіз ер адамның марихуана есірткісін сатумен айналысатынын туралы хабар берген, деп хабарлайды otyrar.kz.

Полиция қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру жұмыстары барысында есірткі затын сатумен айналысады деген күдікпен 1965 жылғы азамат ұсталды. Ол бұған дейін ұрлыққа қатысты сотты болған.

Полицейлер күдіктінің үйіне тексеру жүргізген және сіріңке қорабынан өсімдік тектес есірткі затын тәркілейді. Сот-криминалды сараптамасына сай тәркіленген заттың марихуана, ал жалпы салмағы 30 гр екені анықталды. Мұнымен қоса тәртіп сақшылары күдіктінің үйінен заңсыз сақталған 60-тан аса аңшы қаруының оғын тапты.

Тергеу барысында анықтағаны, күдікті есірткі затын Түркістан қаласынан алып келіп, үйіне сіріңке қорапқа сақтаған. Сәуір айының басында ол бір сіріңке қорабын өзінің танысына 3 мың теңгеге сатып жібереді. Қалғандарын сатып алушы іздеп жүргенде қолға түсіп отыр.

Аталған жайт бойынша қылмысты кодекстің 287 (қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) және 297-баптары (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша іс қозғалды. Күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Фото:otyrar.kz.

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: