Мәжілісмендер жүргізушілерге салынатын айыппұлды азайтуды ұсынды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 16.05.2016 23:52 Zakon.kz
Мәжілісмендердің айтуынша, елімізде бір айлық есептік көрсеткіш көлемі көбейді. Соған сәйкес айыппұлдар да былтырғыдан біршама ұлғайып отыр.

Жол ережесін бұзған жағдайда төленетін айыппұл мөлшерін азайту керек. Бүгін мәжіліс депутаттары Мұхтар Тінекеев пен Нұртай Сәбильянов еліміздің Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа осылай деп ұсыныс айтты, деп жазады 24.kz арнасы.

Мәжілісмендердің айтуынша, елімізде бір айлық есептік көрсеткіш көлемі көбейді. Соған сәйкес айыппұлдар да былтырғыдан біршама ұлғайып отыр. Дегенмен министр жергілікті полиция қызметкерлерінің әлеуметтік проблемаларын жеткізуге тырысты. Айтуынша, елімізде қоғамдық тәртіпке жауапты 25 мыңнан астам жергілікті полиция қызметкері бар. Тәртіп сақшыларын көбіне баспана мәселесі алаңдатады екен. «Учаскелік полицейлердің жалақысы мардымсыз» деген министр Қасымов сала мамандарына қызметтік ғимараттар пен көліктер жетіспейтінін де алға тартты.

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:

-Жол ережесін бұзбауға тырысу керек. Бұл жалпыға ортақ қағида . Айта кетейін, айыппұлды көбейтудің арқасында жол ережесін бұзғандар саны азайды. Бұл әлем елдерінде қолданылатын тәжірибе. Тәртіпке барлығы бірдей бағынуы тиіс.

Фото:hotport.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: