Павлодарда мас жүргізуші қарсы бағыттағы жолға шығып, көлікке соғылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 18.05.2016 18:20 Zakon.kz
Павлодарда мас жүргізуші «Ниссан» көлігімен қарсы бағыттағы жолға шығып, «Мерседеске» соғылды.

Павлодарда Гагарин көшесінде «Ниссан» автокөлігі жоғары жылдамдықпен «Мерседеске» соғылып, жол көлік оқиғасы салдарынан 34 жастағы азаматша аурухана жеткізілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Агенттікке облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, жол апаты бүгін түнде орын алған. Оқыс оқиғаға айыпты «Ниссан» көлігін тізгіндеген мас жүргізуші қарсы бағытқа шығып кеткен. Зардап шегуші – «Мерседес» жүргізушісі.

- Қазіргі таңда жол апаты бойынша тексеріс жүргізілуде. Алдын ала болжам бойынша, мас жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бірнеше бабы бойынша жауап беруге тура келеді. Бұл – мас күйінде көлік жүргізу, жол жүру ережесін бұзу, қарсы бағытқа шығу, денсаулыққа зиян келтіру (сот-медициналық сараптаманың қорытындысынан белгілі болады). Егер де азаматшаның денсаулығына орта дәрежелі зиян келсе, іс ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша - қылмыстық, ал жеңіл дәрежедегі түрі ҚР ӘҚБК-нің 610-бабы бойынша - әкімшілік деп танылады, - деді облыстық ІІД жергілікті полиция қызметінің инспекторы Бибол Жұманов.

Фото:autokadabra.ru

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: