«Әлем аспабы–2016» фестивалінде алғаш рет қазақы нақыштағы әуендер шырқалады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 18.05.2016 21:31 Zakon.kz
ШЫҰ мүше мемлекеттері әскери оркестрлерінің жанды дауыстағы орындау шеберліктерін барша қауым тыңдап, құлақ құрышын қандыра алады.

Ағымдағы жылдың маусымында алғаш рет еліміздің бас қаласы Астанада өтетін әскери оркестерлердің «Әлем аспабы – 2016» фестивалінің басталуына үш аптадай уақыт қалды. Әскери оркестрлердің халықаралық байқауы ШЫҰ мүше мемлекеттері қорғаныс министрлері кеңесінің аясында өтеді, деп хабарлайды zakon.kz, ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық әскери оркестрінің музыканттары қазақы нақыштағы ұлттық әуездерге мән беріп, отандық сазгерлеріміздің танымал музыкалық шығармалары мен қазақтың халық әндерінен құралған попурри ұсынды.

Музыканттарымыз өнер көрсететін бағдарламада «Дос-Мұқасан» вокалды-аспаптық ансамблінің репертуарынан қазақ әуендері тақырыбындағы попурри, қазақтың халық әні «Белес-белес», Б.Желдірбаевтің «Шабыт шыңында» атты шығармалары шырқалады. Одан басқа, әр елдің әскери оркестрі 8 бен 10 минут аралығында созылатын дефиле ұсынады.

Қазақстандық музыканттардың жаңа бағдарламасына оркестрдің әртістері ғана емес, сонымен бірге құрмет қарауылы ротасы, ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық ансамблінің бишілері кіреді. ШЫҰ мүше мемлекеттерінің әскери оркестрлері қатысатын фестивальдің гала-концерті 8 маусымда Астана Опера театрының алдында өтеді.

ШЫҰ мүше мемлекеттері әскери оркестрлерінің жанды дауыстағы орындау шеберліктерін барша қауым тыңдап, құлақ құрышын қандыра алады. Алдыңғы «Әлем аспабы» фестивалі 2015 жылы Санкт-Петерборда өткенін естеріңізге сала кетейік.

Фото:www.mod.gov.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: