Өскеменде мыңнан астам адамды кене шаққан

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 20.05.2016 16:32 Zakon.kz
ШҚО-ның медициналық ұйымдарына кене шағудан кейін 1849 адам көмек сұрап келді.

Кенелер белсенділігі маусымының «ашылуына» екі ай болмай, Шығыс Қазақстан облысының кене шаққан тұрғындарының саны екі мың адамға жақындады. Зардап шеккендердің көбі - өскемендіктер, деп хабарлайды ҚазАқпарат, YK-news.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп.

Биылғы жылы кенелер әдеттегіден ертерек пайда болды. ШҚО Тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінде көктемнің ерте басталып, күннің жылынуына байланысты эпидемиялық маусым өткен жылғыдай 8 сәуірде емес, 21 наурызда басталғанын хабарлады.

Еске сала кетейік, биыл кене шағудан зардап шеккен бірінші адам - өскемендік жеті жасар бала болды. Оқушыға бірден иммуноглобулин егілді, ал буынаяқтыны зерттеу қорытындылары оның жұқпалы ауру таратпайтынын көрсетті. Бұл оқиғадан кейін облыс орталығында қан сорғыштардың шабуылына тағы 1038 қала тұрғыны ұшырады.

«10 мамырдағы жағдай бойынша, ШҚО-ның медициналық ұйымдарына кене шағудан кейін 1849 адам көмек сұрап келді. Зардап шеккендердің 30 пайызы - 14 жасқа дейінгі балалар. Эпидемиялық маусым басталғалы кене энцефалитіне шалдығу оқиғалары тіркелмегенін атап өтейік», - деді облыстық ТҚҚ департаментінен.

Фото: www.publy.ru

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: