Қазақстанда дәрігерге қаралу 18%-ға қымбаттады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 20.05.2016 21:21 Zakon.kz
Ең арзан қабылдау Қарағанды қаласына тән, 1191 теңге. Дәрігердің алғашқы қабылдауында болу Қостанай қаласында бірден 69,4 пайызға қымбаттап, 2016 жылдың сәуірінің қорытындысы бойынша 2381 теңгеге жетті.
Медициналық қызмет те қымбаттауда. Бір жыл ішінде Қазақстанда дәрігерлердің қабылдауына кіру 18%-ға көтерілді. Бұл туралы "Алматы" телеарнасы, Energyprom.kz сараптамалық қызметі жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Олардың мәліметінше, бұл қызмет түрі Алматыда жоғары екен, яғни 3607 теңгені құрайды.

Ең арзан қабылдау Қарағанды қаласына тән, 1191 теңге. Дәрігердің алғашқы қабылдауында болу Қостанай қаласында бірден 69,4 пайызға қымбаттап, 2016 жылдың сәуірінің қорытындысы бойынша 2381 теңгеге жетті. Ал, стоматологиялық қызмет орташа есеппен 13 пайызға қымбаттады. Бір тісті жұлдыру құны - 2743 теңге.

Ең жоғары баға Астанада. Мұнда 6212 теңгеге жеткен. Демалыс орындарында бір тәулік құны 7 пайызға немесе 8681 теңгеге дейін қымбаттады. Астана шипажайларында демалу үшін бір күнге 12 314 теңге, Жезқазғанда демалу үшін 7211 теңге төлеу қажет.

Фото: cityradar.ru

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: