ШҚО-ның Абай ауданында малшыға найзағай түсіп, мерт болды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 30.05.2016 19:52 Zakon.kz
Қайғылы оқиға бүгін таңғы уақытта болған.

ШҚО-ның Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Кеңгірбай би ауылдық округіне қарасты Қараой қыстағында 65 жастағы азамат мал бағып жүріп, найзағайдың астында қалған, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Соққының қатты болғаны соншалық, малшы сол жерде тіл тартпай, жан тәсілім еткен. Өңірде бірнеше күннен бері жаңбыр жауып тұр. Бұл осы аудандағы биылғы екінші ауыр жағдай. Өткен айда найзағай түсіп, жай отынан малшының астындағы аты құрбан болса, өзі жарақат алып, ауруханаға түскен еді. Төтенше жағдайлар қызметі найзағай кезінде мейлінше үйде отыруға, ал далада жүрген жағдайда сақтық шараларын сақтауға шақыруда.

Болат Көкенайұлы

Фото:the-day-x.ru

Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: