АҚШ-қа бет алған ұшақтың жолаушылары «Ақтөбе» әуежайында отыр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 25.08.2016 23:53 Zakon.kz
Бүгін таңғы сағат 7:10-да Ақтөбе әуежайына Air India әуе компаниясының Мумбай-Ньюарк бағытындағы ұшағы шұғыл қонды. Себебі, ұшақтың жүк бөлігінен түтін шығып, дабыл жүйесі іске қосылған.

«Ақтөбе» халықаралық әуежайына шұғыл қонған Air India әуе компаниясының Мумбай-Ньюарк бағытындағы ұшағын алмастыратын қосымша әуе кемесі кешкі сағат 19:30-да келеді. Қазіргі уақытта борттағы 350 жолаушы әуежайдағы зарарсыздандырылған аймақта отыр. Ал 16 экипаж мүшесі арнайы қонақүйге демалуға кетті, деп хабарлайды Bnews.kz.

Бүгін таңғы сағат 7:10-да Ақтөбе әуежайына Air India әуе компаниясының Мумбай-Ньюарк бағытындағы ұшағы шұғыл қонды. Себебі, ұшақтың жүк бөлігінен түтін шығып, дабыл жүйесі іске қосылған.

«Үнділер қонған кезде бізді ресейліктер деп ойлады. Жолаушылардың барлығы, яғни, 350 адам қазір әуежайдың зарарсыздандырылған бөлмесінде отыр. Оларға кешенді ас берілді. Сүтті, сүтсіз шай ішіп жатыр. Ал тамаққа келер болсақ, тауық етінен жасалған ыстық тамақ пен салат берілді. Денсаулығына шағым айтқан ешкім жоқ. Көбі үнділер. Арасында балалар да бар»,- дейді «Ақтөбе» халықаралық әуежайы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Құсман.

Айта кетейік, Air India әуе компаниясы жергілікті әуежайдан 50 тонна жанар-жағармай сұраған.

"Қазір Үндістанның Қазақстандағы елшілігі жиі хабарласып, мән-жайды біліп отыр. Жолаушылардың өтініштері мен тілектері толық орындалды. Ал экипаждың 16 мүшесі арнайы қонақ үйге жіберілді. Олар бірер сағат тынығады. Үндістандықтардың айтуынша, бізде күн ыстық екен. Сондықтан жайлы жағдай жасау үшін салқындатқышы бар шағын автобус берілді",- дейді Е.Құсман.

«Ақтөбе» әуежайына қонған Air India әуе компаниясының ұшағына әлі бірнеше күн бойы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ұшақты қалпына келтіретін инженерлер қосымша ұшақпен келуі тиіс екен.

Фото: www.dailynews.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: