Н.Назарбаев әрбір қазақстандық олимпиадашыға жанкүйер болуға уәде берді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 04.07.2016 23:31 Zakon.kz
Сіздердің алдағы жеңістеріңізді біз Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына сый ретінде күтеміз, - деді Елбасы.

Бүгін Ақордада Рио Олимпиадасына баратын спортшылармен кездесу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев олардың әрқайсысына жанкүйер болатындығын айтты, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.

«Көпшілігі жас, сіздердің алдарыңызда тағы да сан түрлі жарыстар болады. Сіздер барша Қазақстан, оның ішінде менің де сіздердің әрқайсыларыңызға жанкүйер болатындығымды есте ұстауға тиіссіздер. Сіздердің қатысуларыңыз барша қазақстандықтарды шабыттандырады, оларды қуантады. Сондықтан сіздердің алдағы жеңістеріңізді біз Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына сый ретінде күтеміз», - деді Елбасы.

Марлан Жиембай

Фото: www.inform.kz

Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: