Павлодарда ата-ана қамқорлығынсыз қалған алты адамға пәтер кілттері табысталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 14.07.2016 18:47 Zakon.kz
Қуанышқа кенелгендердің бірі Әсемгүл Мағұлова қала әкіміне алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді.

Бүгін қала күнін атап өту шеңберінде ата-ана қамқорлығынсыз қалған алты павлодарлық баспаналы болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Амангелді көшесі 11/2 мекенжайында орналасқан көпқабатты үйдегі бір бөлмелі алты пәтер өз иелерін тапты. Қалалық әкімдіктің ғимаратында өткен кездесуде сөз алған шаһар басшысы Нұржан Әшімбетов баспаналы болған жастарды құттықтады.

- 15 шілде күні ата-анасыз қалған тағы бір 11 павлодарлық Чокин көшесі 157/2 мекенжайындағы көпқабатты үйден пәтер кілттерін алады. Жалпы, пәтер алу үшін кезекте 1902 адам бар. «KSP Steel» ЖШС тарапынан баспаналы болған жандарға жаңа кір жуғыш машинасы сыйға тартылады, - деді Нұржан Әшімбетов.

Қуанышқа кенелгендердің бірі Әсемгүл Мағұлова қала әкіміне алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді. Сондай-ақ, Дархан Қасылов, Юлия Ковалева, Қуан Жексенбинов, Юлия Кремизнова мен Қайрат Мусин де пәтерлі болды.

Абзал Қабдраш

Фото: topkvadrat.ru

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: