Жазасын өтеп шыққандар жұмыссыз қалмайды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 15.07.2016 16:28 Zakon.kz
Екі қолға бір күрек таппай жүргендер арасында түрлі қылмыстарға қайта бару деректері жиі тіркеледі.

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды еңбекке тарту мақсатында қалада бос орындар жәрмеңкесі өтті. Аталмыш шарада 17 мекемеден 177 вакансия ұсынылды, деп жазады kyzylordatv.kz.

Жазасын өтеп шығып, пробация қызметінің есебінде тұрғандарды жұмыспен қамту – өткір де өзекті мәселенің бірі. Өйткені екі қолға бір күрек таппай жүргендер арасында түрлі қылмыстарға қайта бару деректері жиі тіркеледі. Бұрын сотты болғандарды қолдап, демеп жіберу мақсатында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды.

Серік Дүйсенбаев - қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

Айта кетейік, жазасын өтеп келгендер үшін маусым айында әлеуметтік бейімдеу және оңалту орталығы ашылды. Құқықтық, әлеуметтік, психологиялық көмекке мұқтаждары осында келіп, тиісті көмек ала алады.

Талғат Тұрсынбаев –қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары

Бүгінде қала бойынша 543 адам пробация қызметінің есебінде тұр. Олардың 138-і – жұмыссыз. Осы күні ұсынылған жұмыс орындарының ішінде құрылысшы, инженер, тігінші, жиһаз жасаушы сынды мамандықтарға сұраныс көп болды.

Ә.Сейдалы,А.Әшірбеков

Фото: www.kp.md

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: