Алматыда жыл басынан бері 218 тұрғын тұрақты қызметке орналасты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 18.07.2016 16:56 Zakon.kz
Қазіргі уақытта қалада құрылыс саласына адамдар көптеп қажет. Әсіресе, дәнекерлеушілер мен электриктерге сұраныс жоғары.

Алматыда жұмыссыздықпен күрес мықтап қолға алынды. Қаржы қыспағына қарамастан, қалада еңбекпен қамтылып жатқандар көп. Айталық, жыл басынан бері 341 адам штаттан тыс жұмысқа алынса, 218 тұрғын тұрақты қызметке орналасыпты, деп жазады Алматы телеарнасы.

Қазіргі уақытта қалада құрылыс саласына адамдар көптеп қажет. Әсіресе, дәнекерлеушілер мен электриктерге сұраныс жоғары. Ірі компаниялар мен кәсіпорындар білгір адамдарды қуана қабылдауға дайын. Бұдан бөлек, жоғары білімі жоқ жұмыссыздарға әлеуметтік еңбек орындары ұсынылған. Осының арқасында, тігін тігіп, ас әзірлеп, аула сыпыратындардың саны артқан. Мамандар мұндай қызметтен қымсынып жатқандардың жоғын айтады. Айлықтары да тәуір олардың. Әлеуметтік жұмыс орындарына адамдарды штаттан тыс қабылдайды. Тараптар арасында 1 жылға келісімшарт жасалады. Егер үміткер осы аралықта өзіне артылған сенімді абыроймен ақтаса, тұрақты жұмысқа алынады.

«Келісімшарт аяқталғаннан кейін, жұмыс беруші мен жұмыскер арасында қайтадан келісімшарт жасалады. Яғни, уақытша қызметке алынған адамның жасаған жұмысы жұмыс берушінің көңілінен шықса, ол тұрақты жұмысқа алынады. Орташа жалақылары 70 мың мен 100 мың теңге аралығында деп айтсам болады», - деді Алматы қалалық жұмыспен қамту орталығының маманы Айдын Байыров.

Фото: lentaregion.ru

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: