Шымкент зообағына сирек кездесетін жануарлар әкелінді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 20.07.2016 20:52 Zakon.kz
Зообақта жануарларға орын алдын ала сайланған. Текелер аласа жота қарастырылған қоршауға қамалса, ал Африканы мекендейтін бөкендер табиғат аясына сай етіп жасалған торға орналастырылды.

Шымкент зообағына Қызыл кітапқа енген тік мүйізді текелер, бөкендердің жұбы және ұрғашы қодас жеткізілді. Олар Ресейдің Ярославл қаласындағы жануарлар бағынан қоныс аударды, деп хабарлайды BNews.kz.

Жануарлар Шымкентке дейін бес тәулік жол жүрді. Жол бойы зообақ қызметкерлері мен ветеринарлық дәрігерлер олардың өмірі үшін алаңдағаны рас – еліміздің аңызақ даласы мен ұзақ сапар ашатұяқтыларға жақпай қалуы әбден мүмкін еді.

Жануарларды алып келген зообақ директорының орынбасары Латифша Әлиев мұндай жануарларды тасымалдауда талаптарды мүлтіксіз орындау қажет екенін айтады.

«Тәуліктің қай мезгіліне қарамастан, әр үш сағат сайын тоқтап, жануарларды тамақтандырып, жағдайларын тексеріп отырдық. Сирек кездесетін тіршілік иелерін тасымалдау тәуекелді жұмыс. Олар жол үстінде қандай қылық танытарын ұғып білу қиын», – дейді Латифша.

Зообақта жануарларға орын алдын ала сайланған. Текелер аласа жота қарастырылған қоршауға қамалса, ал Африканы мекендейтін бөкендер табиғат аясына сай етіп жасалған торға орналастырылды.

Ал зообақтан мекен тапқан қодысқа енді серік іздестіріліп жатыр. Шымкенттегі жануарлар бағында бұрындары да қодыс өмір сүрген болатын.

Фото: BNews.kz.

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: