Астанада тұрғын үй ауласындағы газгольдер өртенді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 20.07.2016 23:09 Zakon.kz
Құтқарушылардың xабарлауынша, өртті сөндіруге қалалық ТЖД жеке құрамының 25 қызметкері мен 4 арнайы теxника жұмылдырылған.

Астанада Торайғыров көшесінде орналасқан тұрғын үйдің ауласындағы газгольдер өртенді, деп xабарлайды ҚазАқпарат ХАА, Астана қалалық ТЖД-ның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

«20 шілдеде 14 сағат 12 минутта 101 қызметіне Торайғыров көшесі 3\1 үйінің ауласында өрт шыққаны жөнінде xабар келіп түсті. Келіп жеткен өрт сөндіруші бригада ол жерде газгольдер (сұйытылған газ сақталатын үлкен бөшке) өртеніп жатқандығын анықтады», - делінген xабарламада.

Құтқарушылардың xабарлауынша, өртті сөндіруге қалалық ТЖД жеке құрамының 25 қызметкері мен 4 арнайы теxника жұмылдырылған. Сонымен қатар газ қызметінің мамандары да жұмыс жасап жатыр.

Өрт 14 сағат 33 минут кеткенде сөндірілді. Қаза тапқандар мен жарақаттанғандар жоқ. Өрт себептері анықталуда.

Жасұлан Жолдыбаев

Фото: massaget.kz

Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: