Қостанайда бизнес-орталыққа жарылғыш зат «қойған» азамат 6 жылға сотталуы мүмкін

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 22.07.2016 16:09 Zakon.kz
Жыл басынан бері полицейлер жалған лаңкестік деректері бойынша 6 қылмыстық іс қозғаған.

Қостанай қаласында бизнес-орталыққа жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған ақпарат берген 42 жастағы азамат ұсталып, тергеу изоляторына тоғытылды. Тергеу барысында оның Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны екені анықталды, деп хабарлайды BNews.kz.

Қазір полицейлер ҚР ҚК 273-бабымен «Лаңкестік акт туралы қасақана жалған ақпарат тарату» сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл бап бойынша айыпты деп танылғандар 6 жылға дейін бас бостандығынан айрылады.

Айта кетейік, 18 шілде күні таңғы сағат 9:46-да әл-Фараби көшесінің бойында орналасқан бизнес-орталықтың күзетшісіне 42 жастағы азамат келіп, ғимаратқа жарылғыш зат орнатылғанын хабарлаған. Оқиға орнына полицейлер мен құзырлы мекеменің қызметкерлері жедел жетіп, ғимараттың аумағын толық тексеріп шығады. Күдікті зат табылмаған.

Жыл басынан бері полицейлер жалған лаңкестік деректері бойынша 6 қылмыстық іс қозғаған.

Фото: www.province.ru

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: