СҚО-да ұсталған қылмыстық топ 1,2 млрд теңге жымқырған

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 01.09.2016 23:49 Zakon.kz
Бұдан бөлек, жалған кәсіпкерлікке қатысты 1374 қылмыстық іс қозғалды.

Солтүстік Қазақстан облысында құрықталған қылмыстық топ 1,2 млрд теңге жымқырған. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті экономикалық тергеу қызметінің жетекшісі Абзал Байманов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

«Салық төлеуден жалтару деректері бойынша 557 қылмыстық іс тіркелді. Осы санаттағы құқық бұзушылықтар аясында 37,6 миллиард теңге өтелді (бұл жалпы шығынның 70,2 пайызы)»,-дейді А.Байманов.

Бұдан бөлек, жалған кәсіпкерлікке қатысты 1374 қылмыстық іс қозғалды. Былтырдан бері заңсыз жолмен бюджет қаржысын жымқырған 12 ұйымдасқан қылмыстық топ анықталды. Олардың мемлекетке келтірген шығыны аз емес. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында құрықталған қылмыстық топ 1,2 млрд теңге жымқырған. Бүгінде барлық қылмыстық іс сотқа жолданып, кінәлілер бас бостандығынан айырылды.

«Тергеу тәжірибесіне сәйкес, салық саласындағы құқық бұзушылықтар, көп жағдайда кәсіпорын басшысы мен бас буxгалтердің бастамасымен болып жатады. Себебі есеп-қисап жүргізу жұмысы солардың құзіретіне кіреді»,-деп атап өтті экономикалық тергеу қызметінің жетекшісі.

Фото: otvet.mail.ru

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: