Өз итін өлтірген павлодарлық 1 000 000 теңге айыппұл төлеуі мүмкін

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 22.07.2016 22:04 Фото: zakon.kz
Таңғы сағат 6.30 шамасында қала тұрғыны хабарласып, көршісінің итті азаптап жатқанын айтқан.

Павлодарда өз итіне қорлық көрсеткен ер азамат 1 млн теңге көлемінде айыппұл өтеуге міндеттелуі мүмкін, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

- Таңғы сағат 6.30 шамасында қала тұрғыны хабарласып, көршісінің итті азаптап жатқанын айтқан. Кейін белгілі болғандай, ит сол ер азаматқа тиесілі болып шықты. Аталмыш іс бойынша ҚР ҚК-нің 316 бабы тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті 500 АЕК көлемінде айыппұл төлейді немесе 90 күнге дейін темір торға тоғытылады, - деп жазылған хабарламада.

Фото: www.youtube.com

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: