Биыл Павлодар облысында найзағай түсу салдарынан 40 орман өрті орын алған

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 26.07.2016 17:57 Zakon.kz
Биылғы жылы осы күнге дейін 115 мың 763 гектар жер қызыл жалынның астында қалған.

2016 жылдың 25 шілдесіндегі жағдай бойынша Павлодар облысында орман өртінің 68 жағдайы тіркелген, оның ішінде ауа райы кесірінен 40 өрт орын алды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде «Аймақтағы ормандардың жағдайы, оларды қорғау және тиімді пайдалану, «жасыл белдеуді» дамыту» атты дөңгелек үстел барысында Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Қайрат Әбілбаев мәлім етті.

- Биылғы жылы осы күнге дейін 115 мың 763 гектар жер қызыл жалынның астында қалған. Өрттің орын алу себептері сан алуан, мәселен, найзағай түсуден 40 рет өрт шықты, ауыл шаруашылық жұмыстары салдарынан - алты рет, тұрғындар кінәсінен - бір рет, кәсіпорындар мен ұйымдардың абайсыздығынан бір және анықталмаған себептер бойынша 20 рет болған. Айта кетерлігі, «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты мен Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде тәулік бойы кезекшілік атқаратын диспетчерлік пунктер жасақталған, сондай-ақ, тұрақты түрде ұшақтармен автопатрульдеу ұйымдастырылады, - деді Қайрат Әбілбаев

Абзал Қабдраш

Фото: pavlodarnews.kz.


Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: