Елімізде 300 жанармай құю бекеті біріктіріледі

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 28.07.2016 20:22 Zakon.kz
Екі күн бұрын 230 ЖҚБ ұсыныс білдірді. Кейін 70 жанармай құю бекеті қосылды. Жобаға 5 жыл ішінде 50 млн АҚШ доллары көлемінде қаржы тартылады.

Қазақстанда 5 жылдың ішінде 300 жанармай құю бекеті біріктіріледі. Жобаның құны – 50 млн доллар. Бұл туралы ОҚК-да «Бірыңғай республикалық желі құру және инвестициялау арқылы 300-ден астам ЖҚБ-ны біріктіру» деген тақырыпта өткен брифингте жоба жетекшісі, «КНПЗ» ЖШС бас директоры Дәулет Қалиханов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

«Біз ұсақ жанармай құю бекеттерін (ЖҚБ) біріктіру арқылы ірі желі құруды жоспарлап отырмыз. Өткен жылы біз оларды сатып алуға шешім қабылдадық. Кейін нарықты зерттеу арқылы ЖҚБ-да пробемалар бар екенін анықтадық. Олар – техникалық және қаржылық проблемалар. Біздің ұсынысымызды басқа ЖҚБ иелері қуана қабылдады. Екі күн бұрын біздің қатарымызға қосылуға 230 ЖҚБ ұсыныс білдірді. Кейін 70 жанармай құю бекеті қосылды. Жобаға 5 жыл ішінде 50 млн АҚШ доллары көлемінде қаржы тартылады. Жоба – жеке меншік. Біз жанармай құю бекеттерін модерницазиядан өткізуіміз қажет. Себебі, заман көшінен қалмауымыз керек», - деді бас директор.

Сонымен қатар, Дәулет Қалиханов компания тағы бірқатар жобаны жүзеге асырғалы отырғандығын атап өтті.

«Бүгінде электромобильдер үлкен сұранысқа ие болып отыр. Сондықтан жанармай құю бекеттерінде электромобильдерді қуаттауға арналған орындар ашуды көздеп отырмыз. Бұл жобаға жергілікті кәсіпкерлерді де тартамыз. Осылайша, 1200-ге жуық жұмыс орнын ашуды жоспарлап қойдық. Әрі алдағы уақытта мобильді зертханалар сатып алуды қарастырудамыз. Олар ЖҚБ өнімінің сапасын анықтайды. Сонымен қатар, мобильді қосымша жасау ойымызда бар. Талон, жеңілдетілген карта өткен күннің белгісі болып қалмақ. Көлік иелері мобильді қосымша арқылы жанармайды сатып алады», - деді жоба жетекшісі.

Фото: www.1news.az

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: