Қазақстандық олимпиадашылар допингтік тестілеуден өтіп жатыр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 01.08.2016 17:09 Zakon.kz
Егер де тестілеу нәтижелерінің арасында жағымсыз қорытынды болған жағдайда, спортшыларға ұлттық деңгейде ең қатаң шаралар қолданылатын болады.

Допингпен күресу және қазақстандық спорттың имиджін қорғау мақсатында Рио-де-Жанейродағы ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарында 26 спорт түрінен сынға түстетін 104 қазақстандық спортшы допингтік тестілеуден өтіп жатыр, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

20 шілде мен 1 тамыз аралығында өтіп жатқан тестілеу Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев пен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының тапсырмасымен жүзеге асырылуда. Объективті нәтижелер алу үшін тестілеу кезінде алынған сынамалар Дрезден қаласындағы (Германия) Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік тарапынан аккредитациядан өткен тәуелсіз зертханаға жіберілді. Қосымша допингтік тестілеуді өткізуге қаржы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы «Спортты қолдау қоры» корпоративті қорынан бөлінген. Егер де тестілеу нәтижелерінің арасында жағымсыз қорытынды болған жағдайда, спортшыларға ұлттық деңгейде ең қатаң шаралар қолданылатын болады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитеті Халықаралық олимпиадалық комитеттен хат алды. Құжатта ХОК-тің қазақстандық тараптың спорттағы допингпен күреске бағытталған іс-шараларын қолдайтыны айтылған. ҚР ҰОК мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ХОК пен WADA-ның таза спортшыларды қорғау және допингті қолдануға «нөлдік төзімділік» саясатын қолдайды. Естеріңізге сала кетейік, Рио-де-Жанейродағы XXXI жазғы Олимпиада ойындары тамыздың 5 мен 21-і аралығында өтеді.

Фото: www.finds.ir

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: