Қазақстанда 2020 жылға дейін 28 инсульттік орталық ашу жоспарланған - ҚР ДСӘДМ

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 01.08.2016 21:50 Zakon.kz
Кардиохирургиялық оталар саны 2005 жылғы 838-ден 2015 жылғы 30 мың 249-ға дейін (оның ішінде ашық жүрекке 10 мыңнан астам ота мен 20 мың жедел интервенциялы ота) ұлғайды.

2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылғалы бері 40 инсульттік орталық құрылды. Бұл қан айналымы жүйесі ауруларынан туындайтын өлім-жітім санын азайтуға мүмкіндік берді. 2020 жылға дейін тағы 28 инсульттік орталық құру жоспарланып отыр, деп жазады zakon.kz, Pm.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.

«Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда қан айналымы жүйесі ауруларынан (ҚЖА) туындайтын өлім-жітім көрсеткіші 1,9 есеге төмендеді (1994 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда 361-ден 2015 жылы 193,8-ге азайды)», - деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.

ҚР-дағы кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасының аясында ҚЖА-мен сырқаттанған адамдар мен мүгедектерді ерте диагностикалау, емдеу, медициналық оңалту мен оның алдын алудың тиімді тәсілдері енгізіліп, кардиохирургиялық бағыттағы мамандардың біліктілігін арттыру мен оларды даярлау мәселелері шешілді. Астана, Алматы және Павлодар қалаларында, М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясында аймақтық кардиохирургиялық орталықтар құрылды. Облыстық (қалалық) ауруханаларда кардиохирургиялық бөлімдер ашылды.

Кардиохирургиялық оталар саны 2005 жылғы 838-ден 2015 жылғы 30 мың 249-ға дейін (оның ішінде ашық жүрекке 10 мыңнан астам ота мен 20 мың жедел интервенциялы ота) ұлғайды.

Фото: www.medikforum.ru

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: