Қазақстан Климат жөнінен Париж келісіміне қол қойды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 03.08.2016 17:04 Zakon.kz
Париж келісіміне қол қою әлемдік қауымдастықтың қоршаған ортаның құлдырауын тоқтату жолында жасаған байсалды қадамы болды.

Нью-Йоркте ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Климаттың өзгеруі жөнінен Париж келісіміне Қазақстанның атынан қол қойды. Климаттың жаһандық өзгеруі мәселесін шешу тұрақты дамуды қамтамасыз ету, кедейлікті жою, әлемдегі барлық елдердің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатына қол жеткізудің басты шарттарының бірінің болып табылады, деп жазады 24.kz арнасы.

Париж келісіміне қол қою әлемдік қауымдастықтың қоршаған ортаның құлдырауын тоқтату жолында жасаған байсалды қадамы болды. Қазақстан тек ұлттық емес, аймақтық деңгейде де экологиялық мәселелердің шешілуіне қомақты үлес қосатын ел ретінде бұл тарихи келісімнің іске асырылуына ерекше маңыз бөледі. «Болашақ энергиясы» ұранымен өткелі отырған және өткізілуі барысында қоршаған ортаны қорғау проблемалары басты назарда болатын «ЭКСПО-2017» көрмесі үшін Париж келісімінің орны бір бөлек.

Сондай-ақ Е.Ыдырысов БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен екі жақты кездесу өткізіп, оның барысында Қазақстан мен БҰҰ-ның ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен келешегі талқыланды. Мұнымен қоса, еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне 2017-2018 жж. мүшелік ету басымдықтары туралы сөз қозғалды.

Фото: 24.kz


Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: