Павлодарда Лада автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, ізін суытты

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 03.08.2016 18:20 Фото: zakon.kz
Науқастың сол бұғанасы сынған және сол табанының сүйектері сынған, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Мұхамадиева.

Павлодарда Лада автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, ізін суытты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бүгін көлігінің бейне-тіркеушісіне жазып алған куәгер Instagram желісінде орын алған оқиғаның видеосын жариялады. Абай мен М.Горький көшесінің қиылысында қара түсті Лада көлігі жаяу жүргінші жолағында 21-жастағы қызды қағып кетті. Видеода қызды өткізуге тоқтаған жүк көлігі көрініп тұр. Бір мезетте оның алдынан ВАЗ 2114 көлігі шыға келді. Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің айтуынша жол оқиғасынан кетіп қалған көлік иесі қашып құтыла алмады. Жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру шаралары жүріп жатыр. Зардап шеккен павлодарлық Сұлтанов атындағы облыстық ауруханаға жатқызылды.

- Көлік астында қалған қыз есін біледі, бірақ оның жағдайы ауыр. Науқастың сол бұғанасы сынған және сол табанының сүйектері сынған, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Мұхамадиева.

Фариза Қазыбекқызы

Фото: www.vestikavkaza.ru

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: