Атырауда Жайық өзеніне ер адам батып кетті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 04.08.2016 23:15 Zakon.kz
Су қоймаларында суға батып кеткен 87 адамның 9-ы кәмелеттік жасқа толмағандар.

Атырауда қала орталығында Жайық өзенінен құтқарушылар суға батып кеткен ер адамның денесін тапты, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.

Ер адам шамамен 20-25 жаста. Орталық көпір маңында су бетінен табылған мүрде кім екенін анықтау үшін полицияға табыс етілді», - деп хабарлады облыстық ТЖД.

ТЖД-да осы қайғылы оқиғаны қосқанда, жыл басынан бастап су қоймаларында 28 адам суға кеткенін еске салды, бұл 2015 жылмен салыстырғанда, бір жарым есе көп.

Су қоймаларында суға батып кеткен 87 адамның 9-ы кәмелеттік жасқа толмағандар. Олардың барлығы ересектердің қарауынсыз суға шомылған. Тоғызы мас күйінде суға түскен. Қауіпті жерлерге 46 ескерту, тыйым белгілері орнатылған. Қалалық жағажайларда шомылуға рұқсат етілген шекара белгіленген, қоршау, ескерту белгілері, ақпарат стендтері орнатылған. Балаларға шомылуға арналған арнайы учаске бар. Медициналық көмек пункттері ашылып, құтқару посттары жұмыс істеуде.

Фото: inform.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: