Су алуға барған 34 жастағы ер адам Ертіс өзеніне батып кеткен

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 03.05.2016 20:47 Zakon.kz
Павлодарда Ертіс өзенінің бойында демалып жатқан азаматтардың бірі суға батып кетті.

Куәгерлердің айтуынша, қайғылы оқиға 1 мамыр күні шамамен кешкі сағат тоғызда орын алған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Сыраның шөлмегіне су толтырмақ болып өзенге кеткен ер адам кәуап дайындап отырған үш серігіне қайтып оралмаған. Біраз уақыттан соң оның көмекке шақырған дауысы естілген. Алайда достары дер кезінде жете алмаған соң, 112 нөміріне қоңырау шалған. Өзен арнасын түгел сүзіп шыққан сүңгуірлер 34 жастағы азаматтың өлі денесін жеті сағаттан кейін судан шығарды. -

"Шамамен өзен түбінің қырық шаршы метрі тексерілді. Ер адамды іздеп табуға қатты ағын мен судың лай болуы кедергі жасады. Оның мүрдесі полицейлерге тапсырылды. Демалушылар сақтық ережелерін ескерсе, мұндай келеңсіз жағдайлардың саны азаяр еді", - дейді Павлодар облысы ТЖД жедел-құтқару бөлімі жетекшісінің орынбасары Сергей Лебедев.

Құтқарушылардың айтуынша, соңғы кездері Ертіс жағасына келетін тұрғындардың қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтамауы өкінішке ұрындыруда.

Фото:pavlodarnews.kz.


Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: