Павлодарда 28 жастағы ер адам көпірден секіріп, ажал құшты
Zakon.kz
Ведомство ақпараты бойынша жыл басынан бері суда ажал құшудың 16 оқиғасы тіркелген.
Павлодарда 28 жастағы ер адам көпірден секіріп, ажал құшты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес оқиға жексенбі күні Усолка өзенінде орын алды.
- Қаза болған жігіттің таныстарының айтуынша, олар бұл күні жиналып, осында демалуға келген. 28 жастағы жігіт шомыламын деп барып, көпірден секірген, кейін судан шықпаған көрінеді. Сүңгуірлер оның денесін келесі күні оқиға орынан 200 метр жерде тапты, - деді жедел құтқару тобының жетекшісі Владимир Власов.
Ведомство ақпараты бойынша жыл басынан бері суда ажал құшудың 16 оқиғасы тіркелген. Көбінесе мұндай жағдай байқаусыздан, қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан және ішімдік ішкеннен болады.
Фото: Рavlodarnews.kz
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript