ОҚО-да мүмкіндігі шектеулі жандар 100 пайыз арбамен қамтылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 09.08.2016 21:30 Zakon.kz
Айта кетейік, өңірімізде 112 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат есепте тұрады.

Оңтүстік Қазақстан облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қажетті құрылғылармен қамтамасыз ету жұмыстары өз деңгейінде жүргізіліп келеді, деп хабарлайды BNews.kz.

Мәселен, биыл Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына 25 игі іс өткізу шарасы аясында «Әлеуметтік қолдау» айлығы аясында өңіріміздегі мүгедектер 100 пайыз қол арбамен қамтылды.

Тарқатып айтсақ, жыл басынан бері мүмкіндігі шектеулі 1422 азаматқа 1465 арба сатып алынып, оның 1107-сі таратылды. Сөйтіп, облыс бойынша мүмкіндігі шектеулі 1064 азамат арбамен қамтылып, оның 43-іне жеке оңалту жоспарына сәйкес бөлмеішілік және серуенге арналған екі арбадан берілді.

Айта кетейік, өңірімізде 112 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат есепте тұрады. Оның 53 мыңнан астамы І және ІІ топтағы мүгедектер болса, 42 мыңға жуық азамат III топтағы мүгедектер. Ал аймағымызда бала кезден мүгедектер саны – 17286 адам. Оның ішінде, 7744 мұқтаж мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді.

Фото: nv.ua

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: