ОҚО-да мүмкіндігі шектеулі 400 жан жұмыспен қамтылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 27.07.2016 21:15 Zakon.kz
«Дені саудың жаны сау», «Әлеуметтік қолдау», «Отбасын қолдау», «Бірлігі жарасқан Тәуелсіз Қазақстан!» және «Игі іс жасауға асық» атты бес түрлі айлық шаралары желтоқсан айына дейін игі істер өткізілетін болады.

Оңтүстік Қазақстан облысында Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «25 жылдыққа – 25 игі іс» шарасы жалғасуда. Бұл туралы, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Игі істер аясында «Біз біргеміз!» акциясы шеңберінде облыста 300-ге жуық мүмкіндігі шектеулі азамат тұрақты жұмыспен қамтылып, 100-ден астам мүгедек ақылы қоғамдық және әлеуметтік жұмыстарға тартылған.

Ұйымдастырылған 18 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі кезінде 416 мүмкіндігі шектеулі азаматқа жұмыспен қамту шаралары көрсетілді. Оның ішінде, 280 мүгедек тұрақты жұмысқа, 25 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 6-уы қайта даярлау курстарына, 86-ы әлеуметтік жұмыс орындарына және 19 мүмкіндігі шектеулі жас жастар практикасына жолданды.Мұнан бөлек, 1368 мүмкіндігі шектеулі азаматқа әлеуметтік көмектер көрсетіліп, жыл басынан бергі жоспар артығымен орындалды.

Еске салайық, аймағымызда өңір басшысы Б.Атамқұловтың бастамасымен «Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына 25 игі іс» шарасы бастау алып, өтуде.

Осыған орай, жоспарланған «Дені саудың жаны сау», «Әлеуметтік қолдау», «Отбасын қолдау», «Бірлігі жарасқан Тәуелсіз Қазақстан!» және «Игі іс жасауға асық» атты бес түрлі айлық шаралары кезінде барлық салалар бойынша желтоқсан айына дейін игі істер ұйымдастырылып, өткізілетін болады.

Фото: ontustik.gov.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: