Мүгедектікті белгілеу мен жәрдемақыны рәсімдеу жеңілдеді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 11.08.2016 22:05 Zakon.kz
Өтініштегі банктік шоты көрсетіле отырып, ақпарат автоматты түрде зейнетақы төлеу жөніндегі орталыққа жіберілетін болады.

Мүгедектікті белгілеу мен жәрдемақы тағайындау рәсімі айтарлықтай жеңілдетілді. Бұған дейін мүгедектікті белгілеу үшін бірқатар мекеменің табалдырығын тоздыруға тура келетін. Енді қағазбастылықпен қапылудың қажеті жоқ, деп жазады 24.kz арнасы.

Бар болғаны медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесіне келу жеткілікті,- дейді мамандар. Өтініштегі банктік шоты көрсетіле отырып, ақпарат автоматты түрде зейнетақы төлеу жөніндегі орталыққа жіберілетін болады. Ал олардың жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді, тұрғылықты жері бойынша тіркеуді электрондық үкімет шлюзі арқылы жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қорының ақпараттық жүйесінен алады.

Нәтижесінде жыл басынан бері мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға 16 989 өтініш және республикалық бюджеттен төленетін мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақыға 17 590 өтініш қабылданған.

Фото: vse-temu.org

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: