Сайрамда 100 мың тоннаға жуық мал еті өндірілді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 12.08.2016 22:20 Zakon.kz
Ірі қараны етті бағытта бағып отырған сайрамдықтар бүгінге дейін 100 мың тоннаға жуық мал етін өндіріп, республиканың барлық қалалары мен көршілес Ресей мен Өзбекстанның нарығына экспорттады.

Сайрам ауданы – мал бордақылаудан Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша алдыңғы қатардағы аудандардың бірі. Бүгінгі таңда, ондағы ірі қара мал басы 176 мыңнан асып жығылса, оның 32 мыңнан астамы бордақыланады. Осылайша, ірі қараны етті бағытта бағып отырған сайрамдықтар бүгінге дейін 100 мың тоннаға жуық мал етін өндіріп, республиканың барлық қалалары мен көршілес Ресей мен Өзбекстанның нарығына экспорттады, деп хабарлайды BNews.kz.

Аталған істі кәсіп көзіне айналдырып, пайдаға кенеліп жүрген шаруаның бірі – Зәкіржан Абдуллаев. Ақсукент ауылының тұрғыны мал бордақылауды кәсіпке айналдырғанына 6 жылдың жүзі болды. Алғашында 5-6 ірі қараны семіртуді бастаған ол бүгінде мал санын 100-ге жеткізді.

3 ай бұрын «Максимум» аймақтық-инвестициялық орталығынан жылдық 7 пайызбен 15 млн. теңге несие алып, кәсібін жандандырған ЖК «Абдуллаев» еңбек ұжымының аудандық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына айтар алғысы мол.

Кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының консультант-менеджері Қ.Асылболатов «Максимум» орталығынан аз мөлшердегі пайызбен несие алуына құжаттарын рәсімдеуге заң аясында қызмет көрсетіп, жөн сілтеген.

«Негізінен, тіс дәрігері маманымын. Мамандығым бойынша 1 жылдай жұмыс істедім. Бұл кәсіпті ағаларымнан үйрендім. Отбасымыздың бұл кәсіппен айналысып жүргеніне 15 жылдан асты. Осы салада жетістікке жететініме көзім жетіп, жеке айналысуды жөн көрдім», - дейді 29 жастағы кәсіпкер.

Оның Ақсукентте жеке мал соятын орны бар. Күніне 2-2,5 тонна етті Алматыға жөнелтеді екен. Осылайша, жанына жақын кәсіпті табыс көзіне айналдырған шаруа өзіне ғана емес, айналасындағы 8 адамды жұмыспен қамтуға септігін тигізіп отыр.

Фото: agrobiznes.club

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: