Досының тойында отшашу атқан павлодарлыққа айыппұл салынды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 16.08.2016 17:26 Zakon.kz
ҚР ӘҚБК-нің 819-бабына сәйкес айыппұл көлемі 30 пайызға қысқартылып, 14 847 теңгені құрады

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында елді мекенде пиротехникалық затты қолданған Федор Яцукқа қатысты іс қаралды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Іс материалына сүйенсек, Федор Яцук досының тойын атап өтіп жатқан кезде арнайы белгіленбеген орында, яғни "Erstes" мейрамханасының жанында отшашу атқан. Істі қарау барысында ол әкімшілік құқық бұзушылыққа жол бергенін толық мойындап, бұл үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін білмегенін мойындады. Бұған қоса, отшашуды қауіпсіз жерде ашқанын айтып ақталған.

- Сот қаулысымен айыпталушы әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттің пайдасына қарай 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, пиротехникалық зат тәркіленді. ҚР ӘҚБК-нің 819-бабына сәйкес айыппұл көлемі 30 пайызға қысқартылып, 14 847 теңгені құрады, - деді облыстық соттың ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Жанар Жұматаева.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: perm.ru

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: