Шымкентте теміржол вокзалы сын көтермейді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 18.08.2016 17:34 Zakon.kz
Мекеменің айналасын коммерциялық нысандар жаулап алған. Мүмкіндігі шектеулі жандар да емін-еркін кіріп-шыға алмайды.

Шымкенттегі теміржол аялдамасы сын көтермейді. Өрт қауіпсіздігі сақталмаған. Санитарлық жағдайы талапқа сай емес. Көлік прокурорлары тексеру нәтижесінде осындай қорытындыға келді. «Ана мен бала» бөлмесі жұмыс істемейді. Пойыздардың жүріп-тұру кестесін көрсететін көрнекі табло атымен жоқ, деп жазады 24.kz арнасы.

Мекеменің айналасын коммерциялық нысандар жаулап алған. Мүмкіндігі шектеулі жандар да емін-еркін кіріп-шыға алмайды. «Оны былай қойғанда, өрт сөндіру техникалары мен жедел жәрдем кіруіне мүмкіндік жоқ», - дейді прокурорлар. Қазір олар жолаушылар пойызын тексеріп жатыр. «Әсіресе билетсіз жүрген жолаушылар мен теміржол кассаларының жұмыс сапасы және вагондардағы өрт қауіпсіздігіне ерекше назар аударылуда», - дейді құзырлы орган өкілдері.

Ғалым Байғонысов, Шымкент көлік прокуроры:

- «Вокзал сервис» АҚ өрт қауіпсіздігін бұзғаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіште, санитарлық жағдай нормаларға сәйкес келмегендіктен, 20 айлық есептік көрсеткіште айыппұл салынды. Бүгінгі таңда жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, құқығын сақтау мақсатында жолаушылар тасымалдайтын пойыздар да тексеріліп жатыр.

Фото: 24.kz


Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: