Ресейде шіркеудің шырағына темекі тұтатқан оқушыны полиция іздеп жатыр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 19.08.2016 17:09 Zakon.kz
Оқиғаның өткен жылы болғанына және жергілікті БАҚ-тың жарыса жазғанына қарамастан, полиция жарнамада берілген қызды іздестіруге кірісті.

Ресейдің Пермь өлкесіндегі Чайковский қаласында бейне бақылау камераларын орнататын фирма шіркеудегі шырақтан темекі тұтатып алған мектеп оқушысы арқылы өз қызметтерін жарнамалауда. Бұл туралы қалалық сайт хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.

Оқиғаның өткен жылы болғанына және жергілікті БАҚ-тың жарыса жазғанына қарамастан, полиция жарнамада берілген қызды іздестіруге кірісті.

Фирма өкілінің айтуынша, шіркеулер мен мешіттерде тыныштық болғанымен, қауіпсіздік шараларын ескерудің артықтығы жоқ.

Мысал ретінде жергілікті шіркеулердің екі жағдайдан кейін бақылау камераларын орнатқанын айтты. Бірінші жағдай - діни мереке кезінде шіркеу келушілердің бірі ұялы телефоны мен ақшасын ұрлатып алған. Екінші оқиға - 15 жастағы қыз шіркеуде жағылған діни рәсімнің шырағына темекі тұтатқан және оны фотоға түсіріп, әлеуметтік желіге салған.

Фото: іnform.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: