Атырау облысында күдікті мұнай өнімдері бар көлік ұсталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 22.08.2016 16:42 Zakon.kz
Жүргізушілердің түсіндіруінше, бұл сұйықтық «Мақат» кен орнынан әрі қарай өткізу үшін алынған көлемі 40 тонна мұнай екен.

Атырау облысы ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері өткізген «Кедергі» жедел-алдын алу шаралары барысында шыққан жері туралы тиісті құжаты жоқ мұнай өнімдерінің тасымалдануы тоқтатылды, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.

«Атырау-Ақтау» бағытындағы тас жолда тоқтатылған автокөліктен дизель отынына ұқсас сұйықтық құйылған екі ыдыс табылды. Жалпы салмағы 2,4 тоннаны құрады. Мұнай өнімдері еш құжатсыз тасымалданған. «Атырау-Ақтөбе» тас жолында тіркемесі бар екі «КамАЗ-5320» көлігінен мұнайға ұқсас өнімдер табылды. Тексеру барысында Ақтөбе қаласының тұрғындары болып табылатын екі жүргізушіде де өнімнің шыққан жерін көрсететін тиісті құжаттар болмай шықты», - деп хабарлады Атырау облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтарова.

Жүргізушілердің түсіндіруінше, бұл сұйықтық «Мақат» кен орнынан әрі қарай өткізу үшін алынған көлемі 40 тонна мұнай екен.

«Заңсыз мұнай өнімдерін тасымалдаудың тағы бір фактісі Жылыой ауданындағы «Құлсары-Теңіз» тас жолында анықталды. Ондағы автоцистернадан жанар-жағармай материалдарына ұқсас 20 тонна сұйықтық табылды. Олар да қажетті құжатсыз тасымалданған. Барлық фактілер ҚР ҚК 197 бабы, 3 бөлімі сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр», - деді Г.Мұхтарова.

Фото: inform.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: