ОҚО ішкі саясат басқармасына жаңа орынбасар тағайындалды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 20.07.2016 20:26 Zakon.kz
Ахымбетов Бақыт Сәрсенбайұлы 1977 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы инженер-экономист, заңгер.

ОҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы Б.Төлегеннің 19 шілдедегі №53 бұйрығы бойынша аталған басқармаға басшының орынбасары қызметіне меритократия қағидасымен Ахымбетов Бақыт Сәрсенбайұлы тағайындалды. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Ахымбетов Бақыт Сәрсенбайұлы 1977 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы инженер-экономист, заңгер.

Еңбек жолын 2001-2004 жылдары облыстық мәдениет және жастар ісі жөніндегі басқармасының бас маманы болып бастаған.

2004-2010 жылдары облыстық жастар ісі және ішкі саясат жөніндегі департаменті жастар ісі жөніндегі бөлімінің басшысы, облыстық ішкі саясат департаменті талдау және мониторинг бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

2010-2012 жылдары облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

2012-2016 жылдары облыстық ішкі саясат басқармасының әкімшілік бөлімінің бастығы, облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының қоғамдық-саяси ахуалды талдау және болжау бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

2016 жылдың наурыз айынан бастап облыстық ішкі саясат басқармасының қоғамдық-саяси ахуалды талдау және болжау бөлімінің басшысы болып қызмет етіп келді.

Фото: ontustik.gov.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: